Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажырасып кеткен Дәурен мен Ақбота бірге киноға түсті (видео)

Ажырасып кеткен Дәурен мен Ақбота бірге киноға түсті. Бұрынғы жұп бірге кинода роль сомдады. Бұл олардың ажырасып кеткеннен кейінгі бірге түскен алғашқы киносы. Өнер өкілдері кино картинада да ғашықтардың рөлін сомдады. 

дәурен ақбота

Ажырасып кеткен Дәурен мен Ақбота “Мыстан” атты сериалда бой көрсетті. 

Ақбота сүйіктісін базарда кездестіріп, өзін жүкті етіп тастап кеткеніне ашуланды. Көрермен бұл олардың өмірдегі бейнесі деп топшылады. 

Екеуінің бірге роль ойнағаны көпшілік арасында дауға айналды. Бірі қолдау көрсетсе, бірі түсінбестік танытты. 

“Олар өнер адамы. Қандай жағдай болмасын рольді сомдау керек”, “Ажырасып кеткен соң қайта ойнаудың не керегі бар?”, “Мен осыларды түсінбеймін, хайп қуып жүр ме?”, “Осы кинодан соң қайта жарасып кететін шығар”, “Олай болмайды олар енді қосылмайды, олар бір-біріне жұп емес”, “Бірге шынайы ойнады, Ақбота өмірдегі айта алмай жүргенін айтқан секілді”, “Бұл үшін актерліктің керегі жоқ”, “Жасандылық бар”, – деп жазды желідегілер. 

Бұған дейін Дәурен Айдарқұлов қалыңдығының жауабын күтіп жүргендей сыңай танытты. Үшінші рет үйленуге әрдайым дайын екенін жеткізді. Ал Ақбота Сейтмағамбет шетелге көшетінін мәлімдеген еді. Бірге шығармашылық қатынастан соң олар қайта қосылады деп топшылаған желі қолданушыларының саны көп. 

Актер Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелдерінің кінәсіздігін айтып ақтады. Айтуынша, екі некесінің бұзылғанына өзі кәнілі.

“Екі некемнің де бұзылғанына әйелдерім кінәлі емес. Бәріне өзім кінәлімін. Мен дұрыс болмадым. Сондықтан некем бұзылды”, – деп жауап берді.


Талқылау