Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аздап шок алдым": Қалаулымдық Камила Шымкентке келін болып түсті (фото, видео)

Отандық "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған Камила тұрмысқа шықты. Сүйкімді қызды бағдарламаға іздеп келген кәсіпкер жігіт қолына қондырды. 

Камила Шымкентке келін болып түсті. Бұған дейін дос болып кездескен Камила мен Мағжан уақыт өте бір біріне деген сезімі барын айтқан болатын. Кәсіпкер жігіт бойжеткенге сезімін білдіріп, ұсыныс жаған еді. Ұсынысты қабылдаған арудың жақында той алдындағы "құрбылар кешін" өткізді. Жақын күндері Шымкентке келін болып түсті. 

"Осындай отбасымен табысқанымен аллаға шүкір етемін. Мен жақсы адамдарға жолықтым. Бәрі Мағжан екеумізге байланысты. Мен армандағандай болып жатыр. Анашым мен әжемді сағындым. Оны келіндер жақсы түсінетін шығар. Көңіл-күйімді, алған әсерімді кейін толығырақ жазатын боламын", - деп жазды Камила парақшасында

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мамаң қатал сияқты деген комент көп келеді ! Мамада оқып бір күліп алады ! Негізі Келіннің өзінің орыны бар ! Бастысы сол орынын білсе ешкім оған қатал болады деп ойламаймын ! Ал мамам қатал емес , орынымен айтады , үйретеді ! Бірәз нәрсені үйретіп жатыр , келін болу деген сөзбен оңай ал іске келгенде үйренерін көп екен! Аллаға шүкір жай- жай үйренісіп келемін ☺️! А еще МАғжан маған көйлек алып берем деді бүгін 😁! Так что келін киетін көйлектер таңдаймыз бүгін сіз - біз болып 😅!

Публикация от Камила Адилхан (@e.kami)

Камила желіде келіндік өмірдің қалай басталғанын тұрақты түрде бөлісіп отыр. Айтуынша, мүлде бөлек әлемде жүргендей.  


Қалай жақсы келін атануға болады >>>

"Анашым әрдайым кейін күйеуін ақты қара деп, қараны ақ десе де келісу керексін деп айтады! Мағжанның қабылдаған шешімімен келістім (кішкене ШОК алсамда)! Ол да бір жақсылықтың бір жолыма деп қабылдадым! Бастысы келген үйімді бақытты етіп, жарыммен бақытты болсам болды! Осы 1 жарым күнде алған эмоцияммен міндетті түрде бөлісемін! Мүлдем бөлек әлемге түскендеймін!", - дейді ол. 

"Мамаң қатал сияқты деген комент көп келеді! Мамада оқып бір күліп алады. Негізі Келіннің өзінің орыны бар! Бастысы сол орынын білсе ешкім оған қатал болады деп ойламаймын! Ал мамам қатал емес , орынымен айтады, үйретеді! Бірәз нәрсені үйретіп жатыр, келін болу деген сөзбен оңай ал іске келгенде үйренерін көп екен! Аллаға шүкір жай- жай үйренісіп келемін", - деді ол келісі жазбасында.

 

Талқылау