Азаматтар мүгедектігін дәлелдеу үшін кеңселердің табалдырығын тоздыруға мәжбүр – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде күтімге мұқтаж жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды" - деді мемлекет басшысы.
Осы орайда Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру керектігін алға тартты.
Бұған дейін президент ауылдық жерде үй салған кәсіпкерлердің 50 пайыз шығынын мемлекет көтеретінін айтқан болатын.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті