Алматылықтар жер сілкінісін сезді
28 қыркүйек таңертең Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезіп, бұл туралы WhatsApp чаттарда жарыса жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала тұрғындарының айтуынша, жер асты дүмпуі шамамен сағат 06:32-де болған. Алайда әзірге ресми органдар тарапынан ешқандай хабарлама жарияланған жоқ.

Желі қолданушылардың бірі жер сілкінісінің қатты сезілгенін, енді бірі мүлдем бейхабар екенін жазды. Сондай-ақ олар ешқандай хабарлама да, ескерту де келмегенін атап өтті.
Бұған дейін 24 тамыз күні Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелгені туралы жазған едік. Үлкен-Нарын ауылында жерасты дүмпуі 2 балл шамасында сезілген.
