Тоқаев кәсіпкерлерді ауылда үй салуға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді ауылдық елдімекендерде тұрғын үй салуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2 пайызға өсті. Бұл - жақсы көрсеткіш. Халықтың тұрмыс сапасын арттырудың басты шарттарының бірі – тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Біз осы маңызды мәселені шешу үшін ауқымды шаралар қабылдап жатырмыз. Қазір азаматтарымыз өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана бастады. Бұл бұрын-соңды болмаған теңдессіз қадам. Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы", - деді президент.
Айта кетейік, бүгін елордада ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған