Каспийдегі қайғылы жағдайдан аман қалған сарбаздардың қазіргі жағдайы белгілі болды
Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайдан кейін аман қалған үш әскери қызметкер Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Медициналық мекеменің мәліметінше, оқиға болған күні, 24 қыркүйекте ауруханаға бір әскери қызметкер Ақжол Темерхан жеткізілген. Ал Никита Удалов пен Бекет Қуандық 26 қыркүйекте ауруханаға түскен.
Қазір аман қалған үш әскери қызметкердің барлығы терапия бөлімінде жатыр.
"Әскери қызметкерлердің жағдайы тұрақты. Олар өздігінен жүріп-тұра алады, есін біледі. Науқастардың шағымы жоқ", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы.
Дәрігерлер науқастарды әлі де динамикалық бақылауда ұстап отыр.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
