Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Азамат Дәулетбеков Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері өнерлерін аяқтады. Қазақстан құрамасының капитаны Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта топ жарып, үшінші рет Азия чемпионы атанды. Ол финалда байырғы қарсыласы, Азия ойындарында есе жіберген өзбекстандық Жабраил Шапиевтен жеңісті жұлып алды. Белдесу барысында ұтылып жатқан Дәулетбеков соңғы 15 секунд қалғанда 4 ұпайлық әдіс жасап, 5:2 есебімен жарыс жеңімпазы атанды. Осылайша отандасымыз еркін күрес шеберлері арасынан жалғыз алтын жүлдені иеленді.
Айта кетейік, 61 келіде сынға түскен Асыл Айтақын да финалға еш сүрінбей жеткен еді. Бірақ финалда жергелікті спортшы Тайырбек Жұмашбековтен ұтылып, күмісті місе тұтты.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен

