AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Айттым, бітті": Роза Рымбаева Иманбекке қатысты пікір беруден бас тартты

Роза Рымбаеваның Иманбекке қатысты айтқан пікірі ел ішінде қызу талқыға түсті. Бірнеше күннен бері Халық әртісі мен оның ұлына негативке толы түрлі хаттар мен пікірлер түсуде. Ал Халық әртісі өзінің берген сұхбатына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz Экспресс-К басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Түсініктеме бермеймін. Иманбек жайлы пікір айтудан бас тартамын. Журналистерге сұхбат бердім, басқасына тартудың қажеті жоқ, дұрыс па?
Айттым, бітті! Менімен келісе ме, келіспей ме, біреу қолдай ма, қарсы шыға ма, маған бәрібір!” – деп ашуланған Роза Қуанышқызы тұтқаны қоя салған.



Еске салсақ, бұған дейін халық әртісі Роза Рымбаева Иманбектің "Grammy" байқауындағы жеңісін қарапайым сәттілік деп атаған еді. 

Бұған дейін, Әли Оқапов та болған жайтқа қатысты өз ойын білдірді. Ол анасымен келіспейтінін, алайда оның да өз пікірі бар екенін жеткізді. Оқапов отбасының атынан Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады. Ал Мәдина Сәдуақасова Роза Қуанышқызын жақтап сөйледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр