Айшаның жап-жас анасын көрген жұрт оның сұлулығына таңдай қақты
Әнші Айша алғаш рет өзіне жарық дүние сыйлаған анасын көрсетті.
Коллаж: Stan.kz
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ол анасына деген махаббатының шексіз екенін айтып, желіде жазба қалдырды. Оның анасы туралы жантебірентерлік лебізі көпшілікті бей-жай қалдырмады.
“Бүгін сондай шуақты күн, дәл менің анам сияқты. Мен үшін анам – ең жақын адамым! Ол мені толықтай білетін жан, мен кез келген жағдайда жақсы көретін, қолдайтын адам. Тіпті, мен оған болмашы нәрсе айтып тұрсам да, ол мені қызыға тыңдайды. Менің ең жақын әрі адал досым – анам болғаны сондай ғажап, мен де ол үшін ең жақын адаммын деп сенемін. Ол әлемдегі ең тамаша жан, одан барлық жағынан үлгі алуға болады. Ол маған көп нәрсені үйретеді, ал мен үнемі одан ақыл-кеңес сұрап отырамын. Ол әркез объективтік тұрғыдан бағалап, маған дұрыс жол көрсетеді. Ол жаны таза әрі мейірімді адам. Мен оны қатты жақсы көремін. Анашым, әрқашан бақытты болшы, мен әркез сенің жаныңда боламын. Білесің бе, сен осындай жақсы адам болмасаң да, мен сені жақсы көрер едім. Шынымды айтсам, саған деген махаббатымды құр сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өйткені менің махаббатым шексіз, риясыз”, – дейді Айша.
Көпшілік Айшаның жап-жас анасын көргенде таңырқап қалды. Желідегілер анасының Айшамен жасты көрінетінін айтып жатты.
“Қандай жап-жас”, “Не? Бұл сіздің анаңыз ба? Сондай жас әрі әдемі екен”, “Оның ұлты қандай және жасы нешеде? Сұрағым үшін кешірім сұраймын”, “Бұл анаңыз ба?! Құрбыңыз деп ойласам, қандай әдемі”, “Анаңыз өте әдемі екен”, “Анаңыз тым жас әрі өте тартымды”, – деп таңданды желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Мәдина Сәдуақасова қоғамдық көлікке отырып көпшілікті таңғалдырды
Әлия Әнуарбек болашақ аналарға спортпен шұғылдануға кеңес берді
Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді
Тоқтар Серіков: Бейбіттің құрбыларымен қосылып саунада демалғанын қаламаймын