Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

Тоқтар Серіков кез келген ер адамның сұлулыққа тамсанатынын ашып айтты. Ол тоқал алуға Бейбіттің рұқсат етпейтінін, алайда өзінің де тоқал алғысы жоқ екенін мәлімдеді. Әншінің айтуынша, бір әйелді бақытты қыламын деп екіншісін бақытсыз қылу – нағыз надан еркектің ісі.

токтар мен бейбіт

Бұл туралы “Астана” арнасының “Сырласу” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Екінші әйел алуға рұқсат бермейді, бірден айтып қояйын. Ол шындық. Рұқсатына қарамай да алуға болады. Бірақ бір әйелді бақытты қыламын деп екінші әйелді бақытсыз қылу – ол еркектің сорлылығы. Сондықтан бір әйелді бақытты қылдың ба, өміріңнің соңына дейін соны бақытты қыл”, – деп түсіндірді Тоқтар Серіков.

Оның пайымдауынша, еркектер қанағатсыз болғандықтан да, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) еркектерге төрт әйелге дейін рұқсат берген.

“Негізінде қанағатсыз еркектер. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) не үшін еркектерге төрт әйел алуға рұқсат берген? Еркектердің қанағатсыздығына бола берген. Ол белгілі. Әйтпесе Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз дүниеде әйелдер көп болады, еркектер аз болады деп айтпаған. Біз еркектер өзіміз қанағатсызбыз. Нәпсіні тыя алмаймыз. Әйеліміздің бойында бар қасиетті басқа әйелден іздегіміз кеп тұрады. Жасыратыны жоқ, біреудің төсі ұнайды, бөксесі ұнайды. Еркектер соған құлдық ұрып кетеді. Оның несін жасырамыз? Барлық еркек сондай”, – дейді ол.

Сұхбат барысында Тоқтар Серіков перзент атаулыны ұл-қыз деп бөлмейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, әнші бірінші кезекте балалары үшін әйелінің көзіне шөп салмайтынын ашып айтты.

“Егер екінші әйел алсам, ол екінші әйелмен ұйықтап жатқанда, аяқ астынан менің бірінші үйімдегі балам ауырып қалды. Мен ауадай қажет болдым. Балам тұрып мені іздеді. Сонда мен қасынан табыла алмай қалдым. Қандай сорлылық. Мен сол баланың лайықты әкесімін бе, мен соның қасында ұйықтауым керек, бөтен жерде жатпауым керек. Үстімді кірлеткім келмейді. Намазда емес кезімде жүргем. Бірақ сол кезде де осы ой болған. Үстімді таңертең балам қатты құшақтап, иіскеп шығарып салады. Қайтып келгенде басқа әйелдің иісімен келетін болсам, не деген сорлы әке боламын? Баламды ренжіткім келмейді ешқашан. Балам үшін таңертең қандай иіспен кетсем, кешке сол иіспен оралғым келеді. Бірінші Алла, екінші баламды алдағым келмейді. Әйелімнің көңіліне тимесін, мен баламды әйелімнен жоғары қоямын. Өліп бара жатсам да оны алдағым келмейді. Егер де балам жаман қасиетімді көретін болса, мен онда тірідей өлікпін. Менің кесірімнен баламның көзінен бір тамшы жас ақса, өзімді сол жерде атып тастауға бармын. Кешірмеймін. Бақытты әкемін, үйімде үш бірдей алтын діңгегім бар. Құдайға шүкір, оларды тауып берген алтын әйелім бар. Аллаға шүкір, тамағым ыстығымен ішіп отырмын. Енді басқа әйел іздеймін бе? Жоқ”, – деп түйіндеді сөзін Тоқтар.

Жіберіп алмаңыз:

Тоқтар Серіков: Бейбіттің құрбыларымен қосылып саунада демалғанын қаламаймын

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Баян Есентаева ҚызПУ ұстазын орнына қойды

Нұртас Адамбай: Орыс тілін білуіміз – біздің әлсіздігіміз емес мықтылығымыз

Талқылау