Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек: Жігіттердің назарында жүретінім, әдемі киім киетінім үшін көпшілік ұнатпайтын

Айсәуле Бақытбек мемлекеттік және жеке меншік мектепке қатысты ойын айтты. 11 жыл бойы қарапайым мектепте оқыған бикеш ол үшін өкінбейтінін жеткізді. Айсәуле мектептегі қиыншылықтары мен қызықты хикаяларымен бөлісті, деп жазады Stan.kz.


Баян Алагөзованың қызы қарапайым мектепте оқығанына өкінбейді. Сөзіне қарағанда, ел қатарлы мемлекеттік оқу орнында білім алу оның бойындағы көптеген жағымды қасиеттерді қалыптастырған. 

"Бірақ маған таңдау берілсе, баламды мемлекеттік мектепке беремін бе, әлде жеке меншік пе? Білмеймін. 

Бастауыш сыныпта мұғалім дәретханаға жібермегендіктен, бір сыныптасым бұтына жіберіп қойды. Практикант-оқытушылар өз пәнін білмей, бізге әлі келмей, жылап қалатын. 



Өмір бойы "басқалардан ерекше емес" екенімді дәлелдеуге тырысып, бүкіл ішкі комплекстерін маған шығаруға тырысқан бір мұғалім болды. Ал мен оның себебін де түсінбеген бала едім", – дейді Айсәуле.

Бақытбекқызы бұдан өзге де басына түскен ауыр күндермен бөлісті. Мектеп формасын сақтамағаны, әдемі киінгені және үнемі жігіттердің назарында жүргені үшін Айсәулені қатарластары да, мектеп әкімшілігі де ұнатпапты. Тіпті Баян Алагөзованың қызын мектептен ұрлап кетуге талпынғандар табылыпты. 

"Бір күні мектеп формасын сақтамағаным үшін директордың орынбасары мені параллель орыс сыныбына апарып, ортаға тұрғызып, теріс үлгі ретінде көрсетті. Ол кезде бастауыш сыныпта оқитын едім.
Бір күні бейтаныс әйел сыныпқа кіріп, бірнеше қыздың тегін атап шақырды, оның ішінде мен де бармын. Бізді жіберді. Ол бізді сыртқа алып кетті, есікке қарай жақындағанда артымыздан вахтер жүгіріп шығып: "Сіз кімсіз? Балаларды қайда апарасыз?" деп сұрады. Ал әлгі әйел жасырынып үлгерді.

Мен болмысымнан көшбасшы едім, бірақ сол үшін мені көбі ұнатпайтын. Жігіттердің назарында жүретінім, әдемі киім киетінім үшін көпшілік жақтырмайтын.

Мектептен кейінгі немесе әжетханадағы ұрыс-керіс, төбелес біз үшін үйреншікті нәрсе болатын. 

Одан бөлек, әрине, ғажап адамдарды, ұстаздарды кездестердім. Көптеген жақсы адамдармен таныстым. Әр күніміз көңілді өтетін, себебі мектепте бірнеше мыңнан аса адам оқитын. 

Өз тәжірибемді ештеңеге алмастырмас едім. Жалпы жаман білім алған жоқпын деп есептеймін. Бірақ өзімнің балама келгенде екі рет ойланатыным анық", – деп ағынан жарылды Айсәуле.  

Талқылау