Айқын “Әйелімен ажырасып, тоқал алды” дегендерге жауап берді
Шоу-бизнесте үйленгенін жасыратын жұлдыздар көп. Мәселен, әнші Айқын жеке өмірінде болып жатқан жайттарды елдің білгенін қаламайды. Оның айтуынша, жеке өмір жария болмауы тиіс.
Бұл туралы Айқын “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.
«Ешкім өзінің жеке өмірімен бөліскісі келмейді. Жеке өмір жеке болып қалу керек. Мен де жасырып келдім, қазір де жасырамын. Ол жерде не болып жатқанында ешкімнің шаруасы болмасын. Ол менің өмірім», – дейді Айқын.
Осылай дегенімен Айқын өзінің келіншегін бейнебаянына түсірді. Ол екі баласының анасын ресейлік әнші Сосо Павлиашвилимен бірігіп түсірген клипіне қатыстырды.
Ел арасында дәл осы бейнебаяннан кейін Айқынның ұйып отырған отбасына көз тиді деген әңгіме де бар. Отандық басылымдар “Айқын әйелімен ажырасады”, “Айқын Жұлдыз Өмірғалиді тоқал қылып алмақ” деген сынды тақырыптармен әншінің құпиясын жария етті. Алайда қос әнші де бұған қатысты пікір білдірмеді.
Жіберіп алмаңыз:
Досы «Димаш орысша білмегендіктен қазақша сөйлейді» деп сынайтындарға жауап берді
Димаштың жаңа әнін тыңдаған көрермендер еріксіз жылап жіберді (видео)
Экс-депутат: Баян көзіне шөп салса, ердің өзі кінәлі
Айсәуле Бақытбек бүкіл елдің алдында сүйіктісіне сезімін білдірді