Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Орынбек: Борат Американың заңсыз тыңшысы, оларға біздің елде қырғын болғаны керек

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Боратқа қатысты жазба жариялады. Оның Америка тыңшысы екенін айта келе, түп мақсаты қандай екенін жеткізді. 

Заңгердің айтуынша, Америка Қазақстандағы әр мәселеге, әр жазбаға назар аударып отыр. Бұған БҰҰ-нан адамдар келіп, көмек ұсынған соң көзім жетті дейді. 

"Мен де жалындаған, ұрандаған жазба жаза аламын, жазатын жерде жазып жүрмін!

Ал борат деген сайқымазаққа келгенде, мән бермеуді жөн көрдім.

Онсыз да бықсып жатқан дүниені лаулатқым келмеді.

Оның өмірбаянын оқып, зерттеген адам ретінде айтайын, түбі еврей, Лондонның тумасы, Американың жансыз тыңшысы борат!

Оған дәл қәзір біздің елде қырғын болғаны керек!

Ол әдейі біздің жалауды қорлап, қараңдар сендердің биліктерің маған ештеңе істей алмайды деп, билік пен халық арасына от салып отыр!

Оны қайта-қайта салып жарнамалай берудің қажеті жоқ!

Біздің жазбаларымызды Америка оқып отыр десе сенбейтін едім, осыдан екі жыл бұрын өзіме Америкадан БҰҰ-нан адамдар келіп жолыққан соң көзім жетті. Сіздің жазбаларыңызды үзбей оқимыз, біз сізге көмек берейік деп көмек ұсынды! Өз елімде өзім күресе аламын, біздің ішкі жұмыстарымызға арласпаңыздар деп нық айттым!", - деп жазды заңгер. 


Тазабеков өзін жүн бет деп сынаған Айгүл Орынбекке жауап берді


 

Қоғам белсендісінің айтуынша, еліміздегі өзекті мәселенің бәріне Америка тыс қарап отырған жоқ. Сондықтан халық пен билік арасын араздастырудың керегі жоқ. 

"Содан биыл Америка елшілігінен тағы хабарласты. Түркістан облысы бойынша зорлаған қыз жайлы сұрады. Немен бітті деп сұрау салды.

Бәрінің заңды жазасын алып, әділеттілік орнағанын айттым!

Жалпы олар біздің елге қызығушылығы өте зор екенін осы жағдайлардан кейін білдім!

Сосын ұрандатып әлгі сайқымазақ, іріткі салушы жайлы ештеңе жазғым келмеді!

Биліктің қателігі өте көп мойындаймын, дәл қәзір билікті сөккеннен ештеңе ұтпаймыз, қазір бірігуіміз қажет!

Іріткі салушылардың айласына түсіп қалмауымыз керек!

Елдің гүлденгені бізге, қирағаны оларға керек!

Таңдау өзімізде, қандай ақпарат шықса да, түбін зерделей білейік!

Тәуелсіздігіміз шайқалмасын, көк туымыз бүкіл әлемде биікке самғай берсін!

Көк туыңды шынымен мақтан тұтсаң, ол видеоны таратпа!

О нұрбот, билікке сатылып кеттің, анау-мынау деулерің мүмкін, көзі ашық түбін зерделеген адамдар мені түсінеді!", - деп жазды заңгер. 

"Билігі қолдау көрсете алмаған халық шарасыз. Бізді Бораттар оятпауы керек, біз өзіміз оянып, ауламызды тәртіпке өзіміз келтіріп алуымыз керек. Сондай жағдайда ғана Бораттарға жаза талап етуге болады", "Өкінішке орай, Бораттың ойлағаны іске асты. Ол бізден салмақты пікір пікір күткен жоқ. Соған қабілетсіз болғанымыз үшін де ол бізді өз кейіпкерінің прототипі қылып алып отыр ғой. Тура осылай албаты қуыскеуделікке салынып, шуылдайтынымызды білді. Айеке қарындасым, Сізге рахмет, қай кездегідей әр сөзіңізде қорғасындай салмақ бар. Қатарыңыз көбейеді деп сенемін. Тоқтамаңыз", "Бұл қазақты ештеңе істемей осылай мазақ етіп өзімізге қаратамыз деген ойлары болса кешіріп қойсын. Біздеде көзі ашық көкірегі ояу қазақтар өте көп. Мүмкін уақыты келгенде көрер біздің қандай екенімізді", - деп жазды желідегілер. 

Талқылау