Айгүл Иманбаева да өзі туралы кітап шығармақ
Айгүл Иманбаева да бір кездері өзінің продюсері болған Баян Мақсатқызы секілді ғұмырнамалық кітап жазбақ. Бұл үшін әнші бала күнінен бері жазып келе жатқан күнделіктерін пайдаланбақ.
Сурет: Айгүл Иманбаеваның жеке парақшасынан
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Шілде айының 5-і күні Баян Мақсатқызы ғұмырнамалық кітабының тұсауын кескен болатын. Өзге де шоу бизнес өкілдері продюсерден үлгі алып, кітап жазуға кіріскен-ді. Олардың арасында Айгүл Иманбаева да бар.
“Мен онсыз да күнделік жазып, ой түйіп, барлығын қағаз бетіне түсіретін адаммын. Кітабымның әңгіме жүзінде жарыққа шыққанын қаламаймын. Кәдімгі естеліктер жинағы, эссе немесе афоризмдер топтамасы болса екен деймін. Жуырда шығады деп айта алмаймын. Бірақ, менің бастағаныма көп болды. 4-5-сыныптан бері күнделік жазып келемін. Ол жерде ой мен әртүрлі идея, қуанған және мұңайған сәттер жазылған. Адам кез келген жағдайдан ой түйеді. Міне, сол ойдың барлығы менің күнделігімде сақталған”, – дейді Айгүл Иманбаева.
Жіберіп алмаңыз:
Айару Бақытбек: Мені үйсіз адамдар емес, иттер көбірек алаңдатады
Айару Бақытбек: Менің анам да адам. Оған қолдау қажет
Қазақстандық актриса жүкті кезінде жалаңаштанып суретке түсті (фото)