Ер адам әйелін жыланмен шатастырып, темірмен ұрып тастаған
Қазан қаласында ер адам экзотикалық өрнегі бар пижама киген жұбайын жыланмен шатастырып, темір шыбықпен ұрған. Әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Аругменты и Факты - Казань" ақпаратынша, әйел жыланның суреті бар пижамамен ұйқыға жатқан. Аяғын көрпе астынан шығарып қойған. Сол сәтте қасындағы күйеуі оны жылан деп ойлап, темір шыбықпен бар күшімен ұрып-соққан.
Әйелдің аяғы бірнеше жерден сынды. Қазір ол ауруханада жатыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады