Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін ұрды деп айыпталған қазақстандық дипломат 15 тәулікке қамалды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін ұрды деп айыпталған Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Соттың мәліметінше, жанжал кезінде елшілік қызметкері әйелінің әпкесі С. есімді азаматшаға физикалық күш көрсеткен. 

"Сот отырысында М. мен оның қорғаушысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденбегенін, құқық бұзушылық жасалған жердің Қазақстан Республикасының аумағына жатпайтынын көрсетті. Сонымен қатар М.-ның әрекеті оның әйелімен арасындағы тұрмыстық жағдайға қатысты қылмыстық іс бойынша жеке тергеу жүргізілуде", – делінген сот хабарламасында.


Әйелін ұрған қазақстандық дипломатқа қатысты "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды


Сот қаулысымен күдікті М., жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналасты.

Шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұрады. 

Талқылау