БАӘ елшілігіндегі дипломат күйеуінен қорлық көрдім деген әйел дағдарыс орталығына жеткізілді
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш күйеуінен жәбір көргенін хабарлағаннан кейін елге оралды. Әуежайда оны күйеуінің туыстары күтіп тұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: korgau.astana Facebook-парақшасы
"Қорғау" дағдарыс орталығының басшысы Анна Рыль жәбірленушінің жағдайы туралы айтты.
"Қазір Карина Мамаш әпкесі мен балаларымен еліне оралды. Әуежайдан оны жақын достары қарсы алды, бірақ күйеуінің туыстары да келді. Балалары үшін қорыққан ол дағдарыс орталығына келді. Қазір олар дағдарыс орталығында, әйел мұнда психолог пен заңгердің көмегін алады", – деп жазды Рыль.
Еске салсақ, БАӘ-де елшінің кеңесшісінің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұраған еді. Содан кейін ол балаларымен елге қайтарылды.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"