Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелім жеті жылдан бері арбада отыр: Нұрлан Абдуллин ауыр тағдырын айтып жылады

Нұрлан Абдуллин еш жерде айтылмаған жеке сырымен бөлісті. Әнші отбасындағы ауыр тағдыры, балалары мен немерелері жайлы айтты. Халық әртісі 7 жылдан бері әйелінің күтіміне қарап отырғанын айтады. 

Бұл туралы “Ер батыр” жобасында айтылды. 

Үнемі көңілді жүретін әнші бүгінде мұңды. Өмірдің талай сынынан өткен. Салмақты азаматқа немере сүйген ақсақалға айналған. Өмірдің мәні балаларым мен немерем дейді ол. Ал отбасындағы ауыр тағдырын еске аларда көз жасына ерік берді. 

“Екі қызым, бір ұлым бар. 4 немерем бар. Олар үш қыз, бір ұл. Оларға кәдімгі атамын. Арқалаймын, көтеремін, еркелетемін. Оларға әнші болсаң да, халық әртісі болсаң да бәрібір. Айтқанын істетеді. Мен оларды ойнатып жүріп ләззат аламын. Себебі бұрын үйде болмадым. Балаларымның тәрбиесін қарай алмадым. Сондықтан немелеріммен уақыт өткізгім келеді. Мен ешқашан ата-анама қарсы сөйлеп, дауыс көтеріп көрген емеспін. Әкем өмірден озарында маға разы екенін айтты. “Сен ешқашан маған жоқ демедің. Сондықтан саған рақмет” деді. Анама да, әкеме де қарсы келмедім. Себебі бұл Алланың тапсырмасы. Ата-анаға қарсы келуге болмайды. Соны көрген ұлым да маған қарсы келмейді. Мені тыңдайды. Маған қарсылығы жоқ”, – деді ол. 


Еліміздегі ең қымбат асабалар мен олардың доллармен өлшенетін "прайстары"


Халық әртісінің айтуынша, бүгінде жары Нағима ауыр дертке шалдыққан. 

“Әйелім 7 жылдан бері арбада отыр. Ең алғаш Таиланда жүргенде денесі қозғалмай қалды.  Ол кезде мен жеке концертіме дайындалып жүргенмін. Солай концертімнен бас тартуыма тура келді. Бірақ әйелім концертіңді өткіз деді. Сен менің емес, халықтың адамысың деді. Ол кездер ауыр кездер еді. Әйелім де мықты адам. Ауырып отырса да әзілдейді. Көзінің түбі ауырып, содан емі табылмады”, – деді әнші көзіне жас ала. 

Айтуынша, әйелінің күтіміне қарайды және ол үшін ешкімнен арланбайды.

“Мен оған қасықтап тамақ беремін. Ыдыс жуамын. Үй шаруасын атқара беремін. Кейде оның құрбылары келіп таңғалады. Халық әртісі де ыдыс жуа ма дейді. Онда тұрған не бар? Жуу керек болса жуамын. Мен сондай мектептен өткенмін. Бала күнімде әкем мектеп директоры, анам орынбасары болды. Таңнан кетіп, кеш келетін. Сол кезде екі қарындасыма өзім қарадым. Олардың тамағын жасап, жуындырып, киімін үтіктеп мектепке жіберетінмін. Оның бәрі өмірлік сабақ болды. Біреу маған мұқтаж болса, оны ешқашан тастап кетпеймін”, – деді әнші.

Талқылау