"Әйелдің өзі жолға жатып алған": Петропавлда қорқынышты және оғаш апат тергеліп жатыр (видео)
Түнде "Ауди" көлігін тізгіндеген 34 жастағы Петропавл тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан алынған скрин
Кадрлардан әйелдің жол үстіне өздігімен барып жатқанын анық байқауға болады. Секунд ішінде көлік жолда жатқан әйелдің үстінен жылдамдықпен басып өтеді.
Салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай оны полиция қызметкерлері тез арада анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Істің қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласында айналма тас жолда болған жол-көлік апатынан бес адам мерт болғаны туралы жазған едік. Облыстық полиция автокөліктер бетпе-бет соғысқанын айтты.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін