Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдерге армандауды үйреттім": Құралай ханым таңғаларлық дәрежеге жетуінің құпиясымен бөлісті

Атышулы коуч, психолог Құралай Ошақбаева өмірін өзгерту үшін көп оқып, тәжірибе жасағанын айтып, қазіргі дәрежесімен мақтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/quralai_hanum

“Ерте есейдім! Ерте ес жидым! Ерте ояндым! Елге әлі келмеген жаңалықты, жұрттан бұрын ерте оқыдым! Сол үшін еркінмін.  2000 жылдардың басында, бізде әлі тренинг, семинар, коуч-психолог дегендерді, қаладағы бірен-саран қазақтар мен тек орыс ағайындар ғана түгендеп жүргенде, ауылда отырып-ақ Брайндардың кітабын кеміріп, Хейдің аффирмациясын жаттадым! Бестселлер шығыпты десе, көйлек алмасам да, Ауылдан Алматының центріне келіп, кітап алу әдет болды. Берннің "Секрет" фильмін қайталап мың көрдім. Дискке көшіріп "ел көрсін, өзгерсін" деп айналама тарататынмын”, – дейді Құралай ханым. 

Коуч психологияның түрлі саласын оқып, жақсы нәтижеге жеткенін де жасырмады. Бір кездері “жұртты алдап ақша тапты” деп айыпталған Құралай ханым көп қыз-келіншектерге еңбегі сіңгенін айтты. 

“Армандар карта, визуализация, аффирмация, таңғы береке, Клуб 5 утра, дұғалар жаттау, фен-шуй, нумерология, астрология тағысын-тағы қолданып, мінезді, өмірді, қарым-қатынасты өзгертеді, жақсартады, байытады, көмектеседі дегендердің жүрегіме жатқанын, көңіліме жаққанын саралап оқып, практикада қолданып жүрдім. Жақсы нәтижелерім де көп болды! Ұл сұрап жүріп - ұлдарға, үй сұрап жүріп - үйлерге, күй сұрап жүріп - тәтті күйлерді кештім. Еуропа мен Азияны саяхаттап сабақ алдым! Өміріме өзгелер түгіл - өзім таңғаларлықтай дәрежеге жеттім. Армандар картама салып қойған, сарайлар мен залдарға мыңдаған адамдар жинадым! Кім не десе о десін, менікі дұрыс! Әйелдерге армандауды, мақсат қойюды үйреттім! Ажыраспай, жыламай, қиналмай, шашылмай, етек-жеңді жинауды, жағдайды жақсартуды үйреттім”, – деп мақтанды атышулы психолог.

 

Талқылау