Әйел несие алу үшін ағасының мәйітін банкке әкелген (видео)
Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода әйел марқұм ағасының мәйітін банкке әкеліп, оның атынан несие алмақ болған. Қазір полиция оқиғаны тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vanguardia басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Әйел 68 жастағы ағасының денесін мүгедектер арбасына салып әкеліп, 17 мың бразилиялық реал (3,2 мың доллардан астам) несие алмақ болған.
Кадрлардан әйелдің қызметкерлермен сөйлескен кезде ер адамның басын қимылсыз ұстап, қол қою үшін қағазға қолын апарғанын байқауға болады.
Банк қызметкерлері мүгедектер арбасындағы ер адамның жауап бермей тұрғанын байқап, жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына полиция да шақырылып, әйелді ұстады.
"Медицина қызметкерлері ер адамның бірнеше сағат бұрын өлгенін анықтады", – деп жазды басылым.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"