AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел немересінің көзінің түсіне байланысты әкесін анықтайтын тест талдама жасатуды талап еткен

Reddit қолданушысы қайын енесі өзіне сенбей, ұлының көзіне шөп салды деп күдіктенгенін жеткізеді. Туылған немересінің көзінің түсі басқа болғандықтан енесі баланың әкесі кім екеніне тест талдама жасатуды талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Reddit-тегі жазба авторы өзі мен күйеуінің көздерінің түсі қою жасыл екенін айтады. Ал олардың қыздарының көзі көк болып дүниеге келген. Әйелдің айтуынша, бұл оған нағашы жағынан берілген. 

Осыған қарамастан бала туғаннан кейін келіні мен енесінің қарым-қатынасы нашарлай бастаған. Белгілі болғандай, енесі сәби көзінің басқа түсте болуы неке адалдығын бұзады деп ойлаған.

"Менің әкемнің көзі көгілдір. Сондықтан менде мұндай ген бар. Бірақ оның отбасында ешкімде көк көз жоқ, сондықтан ол мені күйеуімді алдады деп ойлайды", – деп түсіндірді пост авторы.

Жағдай Reddit қолданушыларын таңқалдырды. "Бұл ақымақтық. Менің көзім жасыл, ал күйеуімнің көзді қою жасыл. Біздің ұлымыз қара қоңыр көзбен дүниеге келді. Сізді осындай ақымақтық іспен айналысуға мәжбүр қылғаны үшін кешірім сұраймын ", – деп жазды қолданушылардың бірі.

"Ақшыл балалардың көбісі ата-анасының көзінің түсіне қарамастан, көк көзбен туылып жатады. Менің көзім қоңыр, күйеуімнің көзі жасыл. Қызымыз көк түсті көзбен дүниеге келді. Тек бір жылдан кейін ғана олар әдемі жасыл түске айналды", –  деп атап өтті тағы бір қолданушы.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр