Сүйіктісінен жүкті болғысы келген әйел 6 айға бас бостандығынан айырылды
Германияның Билефельд қаласында 39 жастағы жергілікті тұрғын алты айға бас бостандығынан айырылды. Ол жүкті болу үшін серіктесіне білдірмей әрекет еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам 42 жастағы сүйіктісімен әлеуметтік желіде танысқан. Олар міндеттемесіз жыныстық қатынасқа түсіп жүрген. Бірақ әйел серіктесіне сезімін білдірген. Ал ер адам қарым-қатынасты қаламағандықтан, әйел жүкті болу үмітімен оның мүшеқабын тесіп тастаған.
Алайда әйел ойлағанына жете алмады. Бірақ ол ер адамға жүктілік белгілері бар екенін жазған. Содан кейін ол контрацептивтерді құртып жібергенін мойындаған. Шындықты білген сүйіктісі полицияға барған. Кейінірек сот барысында әйел осылайша өзінің серіктесіне айла-шарғы жасамақ болғанын айтты.
Судья Астрид Салевски талапкердің жағына шығып, оқиғаны сексуалдық зорлық деп атады. Судья екі жағдайда да заңның бірдей сақталуы керектігін айтты.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"