Әйел абайсызда 26 миллион доллардан қағылды
АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны лотереядан 26 миллион доллар ( 11 миллиард 558 млн теңге) ұтып алған, бірақ билеті абайсызда кір жуғыш машинаға түсіп кеткен, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі US News-ке сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, ұтыс билеті жуылған шалбарының қалтасында болған.
SuperLotto Plus ұтыс билеті Лос-Анджелес маңында Arco AM/PM дүкенінде сатылғаны белгілі болды. Дүкен иесі билет жойылғандықтан әйел қатты күйзелгенін айтады.
Дүкен менеджері бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көрсетіп, әйелдің сол дүкеннен лотерея билетін сатып алғаны анықталды. Ол бейнежазбаның көшірмесін Калифорния лотереясындағы шенеуніктерге тапсырған.
Полицияның мәліметінше, билет қолда болмағандықтан, 19,7 миллиона доллар Калифорния мемлекеттік мектептеріне кетеді. Билетті сатқан дүкен 130 мың доллар бонус алады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"