Денесін кілемге орап лақтырды: Павлодар тұрғыны өз күйеуін өлтірді деп айыпталды
Павлодарда қоқыс контейнерінің қасынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен әйел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.
Қансыраған мәйіт кілемге оралған. Марқұмның ішіне пышақ сұғылған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды
