Әжей клиникалық өлім кезінде жұмақ пен тозақты көргенін айтты
АҚШ-тағы қарт әйел клиникалық өлім кезінде о дүниені көргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Канзас штатындағы 68 жастағы Шарлотт Холмс 2019 жылы кардиологқа барған. Дәрігер оның қан қысымын өлшеп, нәтижесін көрген соң Холмс инфаркт немесе инсульт алуы мүмкін екенін ескерткен. Бірнеше минут өткен соң Холмс инсульт алды.
Дәрігерлер әйелді сәтті реанимациялады, бірақ оның 11 минуттай жүрегі тоқтап қалды. Осы уақыт ішінде америкалық әже жұмақ пен тозақтың қалай көрінетінін білді.
Холмстың айтуынша, жүрегі тоқтағаннан кейін ол бірден жас және әдемі кейіптегі қайтыс болған туыстарын кездестірді. Ол жүктілік кезінде жоғалтқан баласын көрді. Осыдан кейін оған "жарқыраған" кейіпте Құдай келді. Ол әйелді жұмақтан тозаққа апарды. Холмс жәннаттың хош иісінен кейін тозақ иісіне тұншыққан. Ол жақтан шіріген денелердің иісі шығатынын айтады. Әйел күнәһарлардың азап шеккенін көріпті.
"Құдай маған "Егер өміріңді өзгертпесең, ақыры осы жерде болатыныңды білсін деп көрсетіп отырмын” деді. Арғы жақтан әкемнің "Қайта барып, оларға айтып бер" дегенін естідім", – деді Холмс.