Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел кептелісте тұрған көліктерге бөгет жасап ұлының көлігін өткізіп жіберді (видео)

Кептелісте тұрған көліктерді жылжытып баласының көлігіне жол ашып берген әйел желі қолданушыларын таңғалдырды. Баласына көмектескен ана туралы видео желіде тарап кетті.

Видео Ресейдің Орел қаласында түсірілген. Кептелісте тұрған көліктердің жолына тұрып алған әйел ұлының Opel маркалы көлігін көшенің арғы бетіне өткізіп жіберді.

Видео авторы оған «Өткізбейді ме? Қазір, балам, анаң бәрін де реттейді!» деген жазба қалдырған

Оны тамашалаған желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды: бірі әйел жол-көлік қозғалысы ережелерін өрескел бұзған десе, енді бірі оның бұл әрекетін құптап, мұндай жағдайдан көлік апатына ұшырамай, аман-есен шығудың бірден-бір жолы деп есептейді.

Тағы оқыңыз:

Австралияда кенгуру аңшыны нокаутпен құлатып жағын сындырды

Сириялық қашқын екі әйелі және алты баласымен бірге Германияда тегін тұрудың жолын тапқан (фото)

Ер адам баласын ұйықтату үшін кереуетке шығып, түсе алмай қалды (видео)

Жылқы қожайынын құтырған иттен құтқарып қалды

Талқылау