Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириялық қашқын екі әйелі және алты баласымен бірге Германияда тегін тұрудың жолын тапқан (фото)

Ештеңе істеместен ақша табуды кез келген жалқау армандайтын шығар? Мүмкін емес дерсіз, алайда сириялық қашқын Германияда екі әйелімен және алты баласымен бірге тегін өмір сүріп жатыр.

Таяуда сириялық қашқын туралы деректі фильм Германия телеарналарының бірінен көрсетілді. Азамат екі әйелі мен алты баласына төленетін жәрдемақы есебінен күн көріп отыр.

2015 жылы Ахмед Алепподан қашып шығып, Германияның солтүстігінде орналасқан Пиннеберг аймағынан қоныс тепті. Германияда бірнеше әйел алу тыйым салынған, соған қарамастан немістер Ахмедке екінші әйелін де көшіріп алуға рұқсат берген. Себебі тоқалы Ахмедтің төрт баласының анасы.

Бір қызығы, тұрмысқа шыққан кезде бірінші әйелінің – 14, ал екінші әйелінің – 13 жаста болғаны биліктегілерді қызықтырмаған. Ал негізінде Германияда мұндайға да заң жүзінде тыйым салынған.

Ахмадтың үшінші әйелі де бар, бірақ ол Сирияда қалған. Азаматтың өзі оны көшіріп әкелу үшін үлкен үй керектігін айтады.

Ахмед – шариғат заңдары бойынша өмір сүретін нағыз мұсылман. Ал шариғатта көп әйел алуға рұқсат етілгенін білесіздер.

Ахмет екі әйелімен және балаларымен бірге екіқабатты үйде тұрады. Аталған үйді де мемлекет оған тегін берген. Бүгінде бұл азаматтан асқан бақытты адам жоқ. Сириядан келген қашқын еуропа елінде мемлекеттің ақшасына өмір сүруде.

«Бұл жерде бізге қолдау көрсететін адамдар бар, әлеуметтік жәрдемақы аламыз, үй бірелді. Сізге деген алғысым шексіз, Меркель ана. Ол сириялықтарға жанашырлық танытқан жалғыз адам. Сондай-ақ, біздің халқымызға жанашырлық танытқан немістерге де айтар алғысым шексіз», – дейді Ахмед.

Ахмед қашқындар отбасы мәртебесін иеленіп, соның арқасында еңбек курстарына жазылған. Алайда ол жұмыс істеуге асықпайды. Себебі екі әйелі мен алты баласына алатын жәрдемақы отбасының күнкөрісіне жетеді.

«Білмеймін. Әйтеуір шотыма ақша түсіп тұрады. Тек оларды шешіп алатыным болмаса, басқа жұмыс істемеймін», – дейді Ахмед.

Сириялық қашқын туралы фильм телеарнадан көрсетілгеннен кейін жергілікті тұрғындар наразылығын білдірді. Көпшілік Ахмедтің өмір сүру салты неміс заңдары мен дәстүрлерін қайшы келеді деп сынады.

«Жалпы Германия заңында көп әйел алушылыққа тыйым салынған. Ол үшін түрмеге жабады. Бірақ не себепті мигранттарға рұқсат етілетінін түсінбеймін. Бұлай жалғаса берсе, Германияның болашағы бұлыңғыр», – дейді депутат Хью Бронсон.

Ал жергілікті тұрғындар отбасын асырау үшін күні-түні жұмыс істеп жүргенде, Ахмедтің ештеңе істеместен ақша тауып отырғанына наразы.

«Медициналық сақтандыру, тұрғылықты жер, автобус пен жол ақысы, халықаралық көлік жүргізу куәлігі, Wi-Fi – мұның бәрі тегін! Бірінші талап — сен неміс болмауың керек», – дейді қолданушылардың бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Ер адам баласын ұйықтату үшін кереуетке шығып, түсе алмай қалды (видео)

Тілін кәлимаға келтірген тоты құс елді таңғалдырды (видео)

Басымды үйде ұмытқан жоқпын: Модельдер қолдарына өзінің басын ұстап шықты

Дәрігерлер өзінің әулиелігі барын айтып сендірмек болған жеткіншектің өтірігін әшкерелеп берді

Талқылау