Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда кенгуру аңшыны нокаутпен құлатып жағын сындырды

Австралиялық жігіт кенгуру аулауға шығамын деп, жағын сындырып опық жеп қайтты. 19 жастағы Джошуа Хайден ағасымен бірге көлікке отырып Австралияның батысында орналасқан Келлерберриннің маңында кенгуру ауламақшы болған.

Бұл туралы Bigpicture хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Хайденнің айтуынша, ол үш кенгуруды көре сала көліктен басын шығарып, жануарды атып өлтіргісі келіпті.Сол сәтте бір кенгуру жоқ болып кеткен. Ал аңшы жігіт қалған екі жануарды мылтығымен көздеп тұрғанында үшіншісі келіп көліктегілерге шабуылдаған.  Кенгурудың мықтылығы сонша, тіпті көліктің алдыңғы әйнегін шағып Хайденді нокаутпен құлатқан.

«Ол бәрін қас-қағым сәтте жасады. Көлікке шабуылдап алдыңғы әйнекті сындырып, одан кейін артқа қарай секіріп мені соққыға жықты»,-дейді аңшы жігіт.

Қатты соққыдан Хайден есінен танып қалған. Жігіт өз-өзіне келген соң бірден аурухана жеткізілді. Дәрігерлер Хайденнің бет-әлпеті қатты ісіп кеткенін айтты. Сонымен қатар кенгуру жасаған жарақат ота жасауға келмейді деп, жігітке бетіндегі ісік басылғанша он шақты күн күте тұруға кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз:

Сириялық қашқын екі әйелі және алты баласымен бірге Германияда тегін тұрудың жолын тапқан (фото)

Ер адам баласын ұйықтату үшін кереуетке шығып, түсе алмай қалды (видео)

Жылқы қожайынын құтырған иттен құтқарып қалды

Сұлулық блогері қасын балықтың құйрығына айналдырды

Талқылау