Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел белгісіз жәндік шаққан соң екі аяғынан айырылды

Алты баланың анасы, ирландиялық Джози Роули 2023 жылы өсімдіктерін баптап жүріп аяғын екі рет шаққанын сезген. Алайда мұның салдарынан ол қоя аяғынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

69 жастағы әйел аяғында маса шаққандай іздер қалғанын байқаған. Алайда келесі күндері жәндік шаққандар орындар үлкейіп, іріңдей бастаған. Тек осыдан кейін Джози дәрігердің көмегіне жүгінген. Бастапқыда дәрігер оған антибиотиктер мен ауруды басатын дәрі қабылдауды ұсыныпты. Кейін әйелді ауруханаға жіберіп, инфекциямен күресу үшін сүлікпен емдеу курсын тағайындаған. 

Алайда аяғына таңылған компрессиялық таңғыштар қан айналымын баяулатып, әйелдің аяғының саусақтары қарая бастаған. Салдарынан екі аяғын кесуге тура келіпті. 

Джозидің сөзінше, бастапқыда кішкентай жәндік осындай зиян келтіреді деп сенбеген. 

"Бірінші аяғымнан айырылғанда бұған көндіктім, бірақ екіншісін кескенде... Мені бұған дейін де түрлі жәндіктер шаққан, тіпті қауіпті жәндіктері бар елдерде тұрдым. Бірақ бұл жағдай менің бақшамда болады деп ойламадым", – дейді ол. 

Талқылау