Әйел алты лотерея билетін сатып алып, күтпеген жерден бәрінен ұтысқа ие болды
АҚШ-тың Вирджиния штатында әйел алты лотерея билетін сатып алған. Нәтижесінде олардың бәрінен ұтыс шықты. Ол 180 мың долларды ұтып алып, (84 миллион теңгедей) байыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UPI порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: UPI
Латоя Берк билеттердің бірі болсын сәтті шығуы үшін бірнешеуін алайын деп шешім қабылдаған. Сондықтан ол алты бірдей лотерея билетін арнайы сатып алған.
Алайда күтпеген жерден билеттердің барлығынан ұтыс шықты. Олардың нөмірлері ұтыс комбинациясымен сәйкес келді.
"Мен сандарды тексеріп, қатты қуандым", — деді әйел.
Әйел ұтысын қайда жұмсайтынын әзірге айтпады.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды