Айдарқұловтың экс-жары әзілкешпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты
Дәурен Айдарқұловтың экс-келіншегі Баян Әкімжанова ел күтпеген мәлімдеме жасады. Ол Айдарқұловпен ара-қатынасы жайында бар шындықты ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Атышулы Ақбота Сейітмағамбет Дәуренмен айырылысқанын жария еткен соң, әзілкеш алғашқы некесінен туған балаларымен бірге түскен суреттерін жиі жариялай бастады.
Соған қарап жұрт, “Дәуренді алғашқы отбасына қайта барған” деп болжады. Шын мәнінде солай ма? Бұл сұрақтың жауабын Дәуреннің үш баласының анасы Баян Әкімжанова берді.
“Қайырлы күн, менің сүйікті оқырмандарым. Жақында парақшамда пікір қалдыруды шектеп тастаған едім, ол үшін айып етпеңіздер. Иә, онда маған ақ тілегін жаудырып жатқан жандар көп, алайда менің бұрынғы жұбайыма қатысты дөрекі сөздер жазып жатқандар да аз емес. Ол өте жақсы адам, ақкөңіл, жаны ашып тұратын мінсіз әке, ол балаларын шексіз жақсы көреді. Оның және біздің басымыздан өткен нәрселер – бар болғаны біздің тағдырымыз. Әркімнің өз жолын таңдауына құқы бар, мен де солай жасадым.
Парақшамда пікір қалдыруға шектеу қойған соң, дайректке сан мыңдаған сұрақтар келіп жатыр. Осы жазбамда маған жиі қойылатын сұрақтарға жауап берсем деймін. Сонымен:
- Екеуміз қайта қосылдық па? Жоқ. Біз екеуміз ресми түрде және шариғат жолымен ажырастық.
- Дәуренмен және оның ата-анасымен қарым-қатынасым қандай? Жауап: Мінсіз. Олар 9 жылдан бері менің ата-анам болып келді, әрі қарай да солай болып қала береді. Ал Дәурен екеуміз жақсы доспыз. Екеуміздің үш баламыз бар, бір-бірімізге қырын қарағаннан тек балалар қиналады. Бұған дейін де айтқанымдай, ажырасуға мен де қарсымын. Алайда отбасын сақтап қалу үшін бәрін жасап, алайда одан ештеңе шықпаса, ең болмағанда балалардың бақытын ойлау керек.
- Бұрынғы күйеуіңізді кешіресіз бе: жоқ. Әркімнің өз таңдауы бар, мен өзім таңдау жасадым. Оны кешіргеніммен, ішім бос, тіпті, жек көрмеймін де. Өзім таңдау жасағандықтан, қайта қосылуға зауқым жоқ.
Және соңғысы: Бұрын бар жүрегіңмен жақсы көрген адамды қалай жібере салуға болады? Менің жауабым: өткен өмірімді қазіргі өміріммен салыстырып көріңіздер. Бұрын мен бар болғаны осы өмірде бар болдым, ал қазір өмір сүрудемін. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін”, – деп жазды Баян Әкімжанова желідегі парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
“Нан табар мәшінем”: Ернар Айдар кезінде есік сатып күн көргенін айтты (видео)
Сәкен Майғазиев латын әліпбиінің нұсқасына қарсы шықты
Шәмшінің қарындасы: Қалдыбек Құрманәлінің “Қалдаяқовтар жүрген мүсәпір” деп айтқаны жаныма батты
Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек