Қазақстан автожолдарында орташа және максималды жылдамдық енгізіледі
Мәжілісте "Жол жүрісі туралы" заңға көлік құралдарының орташа және максималды жылдамдығы ұғымдары енгізілетіні айтылды. Бүгінгі отырыста бұл түзетулер жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын апаттар санын азайтуға бағытталғаны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gazeta.ru
Парламент мәжілісі хабарлағандай, бұл түзетулер сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары орнатылатын жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын апаттар санын азайтуға бағытталған.
“Бұл ретте "орташа жылдамдық" көрсетілген құрылғылар мен құралдар арқылы жолдардың түзу учаскелерінде және айналма жолдары жоқ қала сыртында автоматты түрде есептеледі”,-деп аталып өтті мәжілісте.
Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарында белгіленген жылдамдықты 60 және одан да көп км/сағат асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
Айта кетейік, енді мопед айдаушылар да жүргізуші куәлігін алып, техбайқаудан өтуге тиіс.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді