Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Авто өндірушінің ертегі-бейнеролигі қазақстандықтардың жүрегін жаулады

Қазақстандық автокөлік компаниясы макеттер мен стендтік үлгілерді қолданып, бірегей ролик ұсынды.

Бейнеролик машиналар жасалатын зауыт цехынан түсірілген кадрдан басталады. Бір қызығы, роликте барлық бөлшектерді ескере отырып жасалған 1:1000 масштабындағы физикалық макеттер қолданылды. Осының арқасында әрбір кадр шынайылық сезіміне толы.

Автокөлік өнеркәсібінің әлемін нақты түрде көрсету үшін әрбір материал – ағаш, көбік, пластмасса, пластик, резеңке – мұқият таңдалған. 3D принтерлер арқылы жасалған адамдар мен көліктердің фигуралары да әр ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Тәжірибелі модельер мен студенттер командасының үш апталық қажырлы жұмысының нәтижесі – міне, көрерменнің назарындағы нағыз Allur зауытының көшірмесі.

Бейнеролик автоөндірушінің ел экономикасына қосқан үлесін көрсетеді. Компания 4000-нан астам жұмыс орнын ашуда, Қостанайда екі өндірістік зауыты мен 10 жеке дилерлік орталығы бар, сонымен қатар 80-нен астам серіктес орталықтарды өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 125 000 автокөлікті құрайды.


Бүгінгі таңда Allur Kia, Chevrolet, Jac, Jetour, Hongqi сияқты танымал брендтермен ынтымақтасады және жуырда ғана Чехияның ең ірі Skoda брендімен келісімшартқа отырды.

"Біздің тапсырыс беруші тек көлік шығаруда ғана емес, сондай-ақ қызықты бейнероликтер жасауда да табысқа жетуде", - деп бөлісті стендтік модельдеу маманы Петр.

Айта кетейік, Allur жарнамалық бейнероликті жасанды интеллект арқылы жасаған алғашқы компания. Анимация Warpfusion нейрондық желісімен жасалған.  Ол DiscoDiffusion-ның бір нұсқасы ретінде саналады. Бейнеролик сыншылардан оң пікірлеріне ие болды.

Талқылау