Аустрия президенті Ван дер Беллен екінші мерзімге қайта сайланды
Аустрияның президенті Александр Ван дер Беллен президенттік сайлауда үлкен айырмашылықпен жеңіске жетіп, қайта сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ORF сайтына сілтеме жасап.

Аустриядағы президенттік сайлау 9 қазанда өтті. Алдын ала нәтижелер бойынша австриялықтардың көпшілігі қазіргі президентке дауыс берген. Александр Ван дер Белленнің алты қарсыласы одан артта қалды.
Ішкі істер министрлігі жариялаған ресми нәтижелерге сәйкес, ол 54,6% абсолютті жеңіске жетті. Екінші орында 19,1% жинаған оңшыл Бостандық партиясының кандидаты Вальтер Розенкранц.
Бірінші турда жеңіске жету үшін Аустрия Президентіне үміткерге 50 пайыздан астам дауыс жинау қажет болды. Осылайша, Ван дер Беллен екінші мәрте алты жылдық мерзімге қайта сайланды.
Сайлауға қатысым 65,9% құрады.
Ван дер Беллен 2017 жылдың қаңтарынан бастап Аустрия президенті қызметін атқарды.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге