Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауланы түстен кейін сыпырамын" дедім: Меруерт Түсіпбаева Сарыағаштағы келіндік өмірін есіне алды

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева келін болып түскен кезінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Өнер иесі енесі мен жолдасының өте жақсы адам болғанын жасырмады. 

“Күйеуімнің студент кезінде үйлендік. Сарыағашқа келін болып түстім. Өзім Павлодардың қызымын. Мен тұрмысқа шыққан кезде театрда жұмыс істеймін. Одан кейін “Қимай сені барамын” әні хит болып тұрған кез. Ол жақта 40 күн ғана болдым. Студент күйеуіме еріп, Алматыға қайттық. Шілде айында Сарыағаш қатты ыстық болатын”, – деп әңгімесін бастады әнші. 



Сонымен қатар келін болып түскен жерінің менталитетін де айтып, енесінің қандай адам болғанын жасырмады. 

“Оңтүстіктің салты сәл басқаша ғой. Күйеуім маған "таңғы алтыда тұрып, ауланы сыпырасың" деді. Мен неге тым ерте екенін сұрадым. Күйеуім өте жақсы жігіт болатын. Өткен шақта айтыппын ғой, қазір тірі, жүз жасасын. Ол маған "көршілер сөгеді, анама ұят болады" деді. Біз жақта ауланы ер адамдар сыпыратын. Үйдегі ағаларымыз сыпырғыш ұстап, талай есік алдын сыпырғанын көрдім. Мен оған "әбден ұйқымды қандырып, 12-лерде тұрып сыпырайын" дедім. Тас ешқайда қашып кетпейді ғой. Ол қоймаған соң, мен келістім. Бірақ алтыда тұра алмадым. Сегіздерде тұрып жүрдім. Енем ол үшін мені сөккен емес. Таңертең тұрып, бетімді ақ орамалмен түгел жауып аламын. Күнге күйіп кетпейін деп, оранып аламын. Сосын өтірік сыпыра саламын. Күйеуім су сеуіп тұрады. Оған да рақмет. Сарығашта деген масқара ыстық болған. Сондай келін болдым. Ұлымның әкесімен араласып тұрамын. Бірақ оның өмірі менікі емес", – деді мәдениет қайраткері. 

Өнер иесі ұлының 20 жасына көлік сыйлаған сәтін айтып берген еді. 

Талқылау