Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауладағы көлікті айдап кетіп, көрші ауылдағы үйді тонаған": Қостанайда бұзақылар ұсталды

Қостанай облысында көлік ұрлап мініп, кейін сол арқылы өзге ауылдағы үйді тонаған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Алау” порталына сілтеме жасап.

Қарабалық ауылының төрт тұрғыны түнде Комсомольская көшесімен келе жатқан. Аулалардың бірінен ВАЗ-21110 көлігін көрген. Есіктері ашық, кілті тұтандырғыштың аузында болған соң жастар көлікті ұрлап, көрші ауылға баруды ұйғарған.

"Бөрлі ауылына келген қарабалықтар ауыл тұрғынының үйін тонамақшы болған. Олардың екеуі терезеден ішке кірген. Бұл кезде үй иелері ұйықтап жатқан. Бөлмелердің бірінен олар екі ұялы телефон мен иіс суды тауып алып, өздерімен бірге алып кеткен. Басқа жігіттер болса сыбайластарын сырттан күткен", - дейді полиция департаменті бастығының орынбасары Максим Греков.

 



Осыдан кейін шабуыл жасағандар Қарабалық ауылына оралып, көлікті көшелердің біріне тастап кеткен. Бір тәулікте 18 бен 23 жас аралығындағы күдіктілер ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары Қарабалық өңірінде 20 ұрлық пен 2 көлік ұрлығы қылмысы ашылған.

Талқылау