"Ауызға ие болу керек": Жанболат Найзабеков аяғын сындырып алды
“Өнер” қырандары театрының әртісі Жанболат Найзабеков аяғын сындырып, төсекке танылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/cocojanbo88/
Өнер иесі оқыстан денесін жарақаттап алғанын айтты.
“Адам жоспар құрады. “Ертең ана жаққа барам, мына жаққа барам” деп.
Бірақ Алланың саған құрған жоспары басқа екен. Оқыс, аяқасты деген осы екен-ау. Аяқ сынады деп кім ойлаган?! Ойламаған жерден осылай болып қалды. Жоспарлар быт-шыт болды, енді екі апта осылай жатамын”, – деп жазды актер.
Одан кейін сөйлегенде абайлап, ойланып сөйлеу керегін де айтып өтті.
“Жалпы ауызға ие болу керек екен. “Бір он күн үйден шықпай жатсам ғой демалып” деп едім, “Мә, саған” деді ғой. Алып койған тойларымнан, келісіп койған сьемкаларымнан, кездесулерімнен кешірім сұраймын. Әдейі емес! Алла қаласа, бәрі жақсы болады. Дұғада болыңыздар!”, – деді әзілкеш.
Еске салайық, осыдан алты ай бұрын, белінің тамыры тартылып қалған өнер иесі төрт концертке қатыса алмай қалғанын жазған едік.