Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Белінің тамыры тартылып қалды": Актер Жанболат Найзабеков "Өнер қырандарының" төрт концертіне қатыса алмайды

“Өнер қырандары” театрының әртісі, отандық киноларда бой көрсетіп жүрген актер Жанболат Найзабековтің денсаулығы сыр берді. Сол үшін ол театрдың төрт концертіне қатыса алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Актердің айтуынша, аяғын баса алмай жүргеніне біраз уақыт болған

“Жанболат бауырымыз концертіміздің алғашқы сеансында белінің тамыры тартылып ауырып қалды. Содан жедел жәрдем шақыртып, емханаға барып укол салдыртып қайтты. Келесі күнгі сеанстың алдында белі тағы ауырып қалды. Содан Ақтөбе қаласы Родниковка аулының мешіттің имамы Айбек ұстазымыз кешімізге келіп қалған екен. Сол мүмкіндікті пайдаланып ұстазымызды шақыртып Жанболатқа дем салды”, – деп жазды театрдың жеке парақшасының админі.

“Мен қазір ештеңе ойлап тұрған жоқпын. Тек сахнада сөздерімді айтып шықсам екен деп тұрмын. Екі аяғым бастырмай тұр. Әрең шыдап жүрмін. Грыжа деген диагноз қойған. Театрымыз дәл қазіргі уақытта гастрольде жүрген болатын. Төрт концертіне қатыса алмайын деп тұрмын. Бұл пранк емес. Денсаулықпен ойнауға қорқамын. Сахнада концерт өтіп жатыр,  мен сахна сыртында жедел жәрдем шақырып жатырмын. Екі кештің ортасында ауруханаға барып келдім”, – деді актер. 

Желі қолданушылары сүйікті актеріне денсаулық тілеп жатса, енді бірі жанашырлық ниетпен сынықшылардың парақшасын белгілеп, сол жаққа жол сілтеп жатыр. Бір оқырманы “Емші деген бұл жігіт үшін шайтан, оған бармайды” деп еді, Бағдагүл есімді сынықшы: “Сынықшы шайтан болса, келме! Жан керек болса, келесің. Қара халықпен бірге ұзын-сонар кезекте тұрасың. Күніне 100 адамның жүйке тамырын дұрыстап, омыртқасына орнына салып беріп жатырмыз ұйқылы-ояу отырып-ақ”, – деп жауап қайтарды. 

 

Талқылау