Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр атлет Линдердің қазасы: Сергей Седов ұлттық құраманың аға жаттықтырушы қызметінен шеттетілді

Ауыр атлетика федерациясы Сергей Седов ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен уақытша босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Линдер

Бұған дейін ұлттық құраманың бұрынғы спортшылары мен ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Седовты спортшыларға психологиялық қысым жасады деп айыптаған. Федерация құрамында сарапшылар мен спорт ардагерлері бар арнайы комиссия құрған. Комиссияны ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Тапсир Меңдіхан басқарды.

"Тергеу барысында комиссия оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін және тәуелсіз тергеу комиссиясының тиісті қорытындысы шыққанша 2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен босату туралы шешім қабылдады", – деді федерацияда.



Алматы облысының полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті екендіктерін жеткізді.

Айта кетсек, 17 қыркүйекте 25 жастағы дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер көз жұмған болатын. Ол өзіне қол жұмсаған.

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2017 жылы 24 жасында Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды. Одан кейін тамыз айындағы Универсиадада 69 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Сол кезде Линдер үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланып, чемпион атанды.

Талқылау