БАҚ 25 жастағы қазақстандық спортшының өлімінің себебін атады
Бүгін түнде дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер қаза болды. Ол өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтының оқиғаға жақын дереккөзіне сілтеме жасап.

Спортшының өлімі туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлаған болатын.
"Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт табандылықтың, тәртіптіліктің және өз жұмысына деген сүйіспеншіліктің арқасында қандай керемет жетістіктерге қол жеткізуге болатынының үлгісі болды.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ұжымы спортшының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады және қолдау білдіреді. Альберт Линдер бар болғаны 25 жаста еді", – делінген хабарламада.
Басқа мәліметтер әзірге белгісіз.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"