Ауғанстаннан келген студент Назарбаевтан көмек сұрады (видеоүндеу)
Астанада оқитын ауған студенті Назарбаевтан көмек сұрады.
Студент елбасыдан Ауғанстанда болып жатқан соғысты тоқтатуға шақыруды сұрады.
«Мен ауған соғысында тірі қалдым. Жақындарымның өлімін көрдім. Әкемнің көз жасын көрдім. Бұл өте ауыр жағдай. Қарындасымды мектепке жіберудің өзі қауіпті. Оның қайтып келу-келмеуі екіталай. Кек сақтағым келмейді. Сабыр еттім. Қазақстанда білім алып жатырмын. Мұнда мені түрлі ұлт өкілімен бірге тұруға үйретті. Ауғанстанда да солай болу керек екенін түсіндім», – дейді Хафиз Хан.
Жас жігіт АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады.
«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев, сіз әлемдік деңгейдегі көшбасшысыз. Кикілжің кезінде талай рет бітімге шақырдыңыз. Астанада Сирия мәселесінің талқыланып жатқанын бәрі көріп отыр. Жаңалықтардан сіздің Дональд Трамппен кездесетініңізді естідім. Менің өтінішімді АҚШ президентіне жеткізуіңізді өтінем. Қазақстанда Қазақстанда бейбіт диалог жүргізуді сұраймын», – дейді студент.
Хафиз Хан сондай-ақ жастарды өзі ұйымдастырған “Жастар бейбітшілік үшін” флешмобын қолдауға шақырды.
Тағы да оқыңыз:
Псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров жауапкершілікке тартылды
Ақтөбедегі адам өлімі: Әкімдік күзетшісінің өз-өзіне қол салғаны белгілі болды
Ұялы байланыс абоненттерінің қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізілді