Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуезов театры директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Жандарбек Садырбаев Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры міндетін атқаратын болды. Sputnik Қазақстан хабарлады.

Пара алды деген күдікпен ұсталған Ерлан Біләл 4 қаңтардан бастап істің мән-жайы анықталғанға дейін директор қызметінен шеттетілді. Қазір оның міндетін шығармашылық жұмыс бойынша директордың орынбасары Жандарбек Садырбаев атқарып жүр.

Өткен аптада Ерлан Біләлдің 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды. Театр директоры кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келді.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысы тұрғыны қардың астынан қару-жарақ қоймасын тауып алды

Ауғанстаннан келген студент Назарбаевтан көмек сұрады (видеоүндеу)

Павлодарлық жігіт тойға несие алғызып, қалыңдығын тастап кеткен

Талқылау