Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуежай мен вокзалдарда намазханалар қайтадан ашылатын болды

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қоғамдық орындарда намазхана мен діни әдебиеттерді сатуға арналған кітап дүкендерін ашу мәселесін қайта қарастырып жатыр.

58dfa94879892

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Министр Нұрлан Ермекбаев діни мағынадағы ақпараттық материалдар және діни әдебиеттерді орналастырудың, сонымен қатар ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни шараларды өткізуге арналған бөлмелерді жасақтауға қатысты жаңа құрылымдаманы бекіткен.

Министрліктің бұл бұйрығы арқылы, бұған дейін әуежай, теміржол вокзалы, автовокзал, порттарда намазхана болмайды деген ереже күшін жоймақ. Бұл өзгеріс азаматтардың діни талаптарын қанағаттандыру мақсатында жасалып отыр.

Бұған дейін мемлекеттік мекемеге 300 метрден жақын орналасқан ғимараттарда намазхана ашуға тыйым салынса, енді бұл “300 метрлік” талап тек оқу мекемелеріне (діни оқу орындарын есепке алмағанда) қатысты болып қана қалды.

Дұға ету бөлмесінің көлемі 20-100 шаршы метр аралығында болуы тиіс. Сондай-ақ, бөлмеге бейнебақылау камерасы орнатылып, дәрет алу жағдайын жасау үшін санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай келетін жуыну құралдарымен жабдықталады.

Айналып келгенде, ғимаратта намазхана ашу мәселесіне қатысты шешімді ғимарат иесінің өзі қабылдайды. Бұл ретте бөлмені ашу және ұстап тұруға кететін шығынды қожайынның өзі көтеруге тиісті.

Оқи отырыңыз:

Алматы әкімдігі балаларды өрттен құтқарған десантшыны марапаттады

Алматы облысында үйі өртенген отбасы шиеттей бала-шағамен күркеде тұрып жатыр

Түрмедегі Жамалиевтің VIP-камерасы: Сыра ішу, қыздармен көңіл көтеру

Қарағанды облысында 13 жастағы қыз 17 жастағы жігітімен қашып кетті

Талқылау