Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі балаларды өрттен құтқарған десантшыны марапаттады

Алматы әкімдігі жанып жатқан үйден екі баланы құтқарған ефрейтор Ғалымжан Әлиухановты марапаттады. “Көкжиек” ықшамауданында орналасқан бес қабатты үй 28 шілде күні жанған.

3118498

Фото: Анатолий Устиненко

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

61993 әскери бөлімінің қызметкері Әлиуханов көпқабатты үйдің жанып жатқанын үйге қайтып келе жатып көрген.

“Ғалымжан бірден өрттен құтқару баспалдағына мініп, шатырға көтеріліп, мансардтық алаң арқылы подъезге кірген. Пәтер есігі ашық тұрғандықтан ол ішке еш қиындықсыз кіреді. Ол айғайлап, көмекке адам шақырғанымен ешкім ести қоймайды. Сосын ол үйді қарап, 4-5 жас шамасындағы екі баланы табады. Олар түтінге тұншығып, ес-түссіз жатып қалған екен”, – дейді әскери бөлімнің баспасөз қызметі.

Әскери қызметкер балаларды көтеріп алып, көшеге алып шығады.

“Балаларды көргенде тек тірі қалса екен деп ойладым. Жасаған ісімнің еш батырлығы жоқ, бұл ер адам істеуі тиіс нәрсе. Бөлімде тұрақты түрде өткізіліп тұратын тәжірибелік сабақтар үшін командиріміз Болат Дүйсембаевқа алғыс айтамын. Басшыларымыздың арқасында барлық десантшылар физикалық күштерін үнемі жетілдіріп, жаттығып отырады. Ол маған көп көмектесті”, – дейді Ғалымжан.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімдігі Ғалымжанды құрметтеп шақырып, оған алғыс хатты табыс етті.

Оқи отырыңыз:

Діни басқарма: Биылғы тоқтылар құрбандыққа жарамайды

Алматы облысында үйі өртенген отбасы шиеттей бала-шағамен күркеде тұрып жатыр

Түрмедегі Жамалиевтің VIP-камерасы: Сыра ішу, қыздармен көңіл көтеру

Қарағанды облысында 13 жастағы қыз 17 жастағы жігітімен қашып кетті

Талқылау