Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Діни басқарма: Биылғы тоқтылар құрбандыққа жарамайды

Ертең – Құрбан айт. Мүфтияттың мәлімдеуінше биылғы тоқтылар құрбандыққа жарамайды. Өйткені құрбандықтың қабыл болуы үшін, бірінші –ықылас-ниет дұрыс болуы, екінші – сойылатын мал жарамды болуы керек.

 Hp_W2Jc_w3k

Ешкінің және қойдың жасы бір жылдан асып екінші жылға кіргені, сондай-ақ алты айлық марқа қозы (үлкен қой секілді) ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Сиырдың екі жасқа толып, үшінші жылға кіргенін, ал түйеден жасы бес жылдан асып, алтыншы жылға кіргенін құрбандыққа шалуға болады. Сонымен қатар сойылатын малдың кемшілік, кінәраты болмауы керек екенін жазады fatua.kz.

Қойдың бір жасы шамамен 6 ай. Себебі, саулықтарының буаздық мерзімі 145-155 тәулікке созылады, яғни орташа есеппен 5 ай 10 күн. Сол үшін шариғатта алты айдан асқан тоқты құрбандыққа жарамды делінген.

ҚМДБ биылғы тоқтылардың барлығы құрбандыққа жарамайтынын ескертеді. Өйткені төқтының жасы кем дегенде алты айдан асқан және ірі болуы шарт. Дәлірек айтқанда, ағымдағы жылдың наурыз айына дейін туылған төл болуы тиіс. Еліміздің бірқанша өңірлерінде сақман сәуір айында басталатыны белгілі. Әсіресе орталық және солтүстік аймақтарда. Сондықтан, құрбан малын сатушылар мен тұтынушылар осыны ескергені абзал.

Тағы да оқыңыз:

Құрбан айт кезінде оқылатын дұғалар

Арафа күнінің біз білмейтін сырлары

 

Талқылау