Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа жоғары деңгейде ластанады: Синоптиктер Қазақстанның үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Қазақстанның үш қаласында жаңа жыл күні ауаның жоғары деңгейде ластанатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, 31 желтоқсанда Алматы, Шымкент және Атырау қалаларында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Ауа-райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Соның салдарынан атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Метеорологтар 31 желтоқсанға Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды да ұсынды.



"Еліміздің барлық аумағында атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтіледі. Шығыста қатты жаңбыр, қар болжануда. Елімізде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел күтіледі", - делінген хабарламада.

Талқылау