Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа райына байланысты Қазақстанның 12 облысында жолдар жабылды

Қазақстанның 12 облысында республикалық автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” компаниясы мәлімдеді. 

“7 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді”, – делінген хабарламада.

Ақмола облысында – 12 учаске

Ақтөбе облысында – 13 учаске

Атырау облысында – 2 учаске

Жамбыл облысында – 1 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Батыс Қазақстан облысында – 7 учаске

Қарағанды облысында – 11 учаске

Қостанай облысында – 8 учаске

Қызылорда облысында – 1 учаске

Павлодар облысында – 3 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске

Ұлытау облысында – 3 учаскеде жол жабылған.

ҚазАвтоЖол мамандары жүргізушілерді алыс сапарлардан бас тартып, аса қажеттілік болмаса елді мекен аумағынан шықпауға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктердің 8-10 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялаған едік

Талқылау