Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ауа райына байланысты Ақтөбе әуежайы жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе әуежайы ертең таңға дейін ұшақ қабылдай алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбе әкімдігінің хабарлауынша, бұған әуежайдың ұшу-қону алаңында метеорологиялық жағдайдың күрделілігі себеп болып отыр.  

Ертең жергілікті уақытпен сағат 6:00-ге дейін ұшақтардың ұшып-қонуына шектеу қойылды.

Тоқтатылған рейстер:

- Qazaq Air/Астана — Ақтөбе — Атырау;
- SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;
- Qazaq Air /Атырау — Ақтөбе — Астана.
- SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;

Кешіктірілген рейстер:

- FlyArystan/Алматы — Ақтөбе — Алматы;
- SCAT/Алматы — Ақтөбе — Алматы;
- FlyArystan/Астана — Ақтөбе — Астана;
- SCAT/Астана — Ақтөбе — Астана;
- FlyArystan/Актау — Ақтөбе — Актау.
- SCAT/Шарм-Эш-Шейх — Ақтөбе — Шарм-Эш-Шейх.
- Air Astana/Астана — Ақтөбе — Астана.

“SCAT әуекомпаниясының Шарм-Эш-Шейх — Ақтөбе бағыты бойынша келе жатқан DV5263 рейсі Атырауға қонды”, — делінген Ақтөбе халықаралық әуежайының хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін ауа райына байланысты Қазақстанның 12 облысында жолдар жабылғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 07 Ақпан, 2024 22:11
Талқылау