Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Атышулы Айжан Байзақова жақында ана атанбақшы (видео)
Қазақстандық блогер Айжан Байзақова жақында ана атанатынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі бикештің инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Бойжеткен көпшілік алдына не себептен шықпай жүргенін түсіндіріп, жүктіліктің сегінші айына аяқ басқанын айтты.
«Менің көрінбей кету себебім қазір жүктіліктің 30-шы аптасындамын. Әрине, адамдардың алдына шықпай жүру қиын болды. Жұрттың көзінен сақтанып, барлығын құпия сақтағым келді. Бірақ, жақында оны жасырудың еш мәні жоқ деп шештім. Енді, жүкті екенмін деп үңгірде тұрмайтын шығармын. Өйткені мен оны үлкен бақыт деп есептеймін, онда адам шошырлық ештеңе жоқ. Бұл – жаңа өмір»,- деп жазды блогер желідегі парақшасында.
Алайда, тұрмысқа шықпаған бойжеткен сәбиінің әкесі кім екенін айтпады. Десе де, бойжеткеннің жүкті екенін естіген желі қолданушылары Байзақованы қуанышымен құттықтап, қолдау көрсетті.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”